Audi A5 үшін жаңа гибридті нұсқалары таныстырылды

Audi A5 топтамасына электр қуатына негізделген жаңа модификациялар қосылды

👁️ 7
Сурет: kolesa.kz

Audi A5 топтамасының мотор гаммасын екі түрлі гибрид түрленіммен толықтырады, жаңа күштік құрылым универсалға да, лифтбекке (компания седан деп атайды) де арналған. Мұндай A5 электр қуатымен 116 км жүре алады. Машина бағасы Еуропада 62.5 мың еуродан (33.8 млн теңге) басталады.

Екі жағдайда да күштік құрылым толық жетек, 2 литрлік бензинді турбомотор, электромотор және 7 сатылы робот қорапты қамтиды. Бірақ қуаты әртүрлі болады: базалық нұсқасы — 300 ат күші мен 450 Нм, қымбат түрленімі 367 ат күші мен 500 Нм береді. Бензоэлектрлі A5 алғашқы жүздікті 5.9 немесе 5.1 секундта еңсереді, ең жоғары жылдамдығы — 250 км/сағ.

Audi A5 стала подзаряжаемым гибридом Audi A5 стала подзаряжаемым гибридом Audi A5 стала подзаряжаемым гибридом Audi A5 стала подзаряжаемым гибридом Audi A5 стала подзаряжаемым гибридом

Сыйымдылығы 25.9 кВт·сағ бір ғана аккумулятор болады. Ол ұяшықтары оңтайлы орналасқан жаңа батарея деген мәлімет бар. Соның арқасында энергия сыйымдылығы 45% арттады (Audi A6 TFSI e батареясымен салыстырғанда). Бірақ аккумулятор жүксалғыш көлемін сәл кемітеді. Audi A5 Sedan-да жүксалғыш — 331 литр, A5 Avant-та — 361 литр. Аккумуляторды 2.5 сағатта қайта қуаттауға болады.

Audi A5 стала подзаряжаемым гибридом Audi A5 стала подзаряжаемым гибридом Audi A5 стала подзаряжаемым гибридом Audi A5 стала подзаряжаемым гибридом Audi A5 стала подзаряжаемым гибридом Audi A5 стала подзаряжаемым гибридом Audi A5 стала подзаряжаемым гибридом

Күштік құрылым электрлі және гибрид режимде жұмыс істей алады. Бірінші жағдайда тек электрлі бөлік қолданылады (ең жоғары жылдамдығы 140 км/сағ), мұндайда дәстүрлі қозғалтқышты қолмен қосуға тура келеді. Екінші жағдайда энергияның бір бөлігі батареяны қуаттауға бағытталады.

Audi A5 стала подзаряжаемым гибридом

Қуатты Audi A5 e-hybrid quattro-ның лифтбек түрленімі Германияда 71 мың еуро, универсал 72.5 мың еуро (тиісінше 38.4 және 39.2 млн теңге) тұрады.