Мопедтер туралы жаңа ережелер мен талаптар

Мопед жүргізушілері үшін жүріс қағидалары мен міндеттер

👁️ 17
Сурет: Алмаз Толеке және Тимур Еникеев

Биыл 5 сәуірден бастап мопед механикалық көлік ретінде қабылданады, демек, иесінің жүргізуші куәлігі болуы тиіс. Бұл мақалада мопед жүргізушілерінің сақтауы тиіс ережелер мен талаптарды қарастырамыз.

Мопедпен жүруге болмайтын жағдайлар

  • Жүргізуші веложолақпен, жол жиегімен және тротуармен жүре алмайды.
  • Рөлді кемінде бір қолымен ұстап, телефонды гарнитурамен ғана пайдалануға болады.
  • Егер скутер арнайы жабдықталмаса, жолаушы тасымалдай алмайды; техникалық паспортта орын саны екеу деп көрсетілсе, артына бір адам отыра алады.
  • Жүк таситын арнайы құрылғы болмаса, жүк тасымалдауға тыйым салынған; жүк көлік габаритінен 50 см-ден артық шығып тұрмауы керек.
  • Трамвай жолында және бұрылатын жолақ көп болса, солға немесе кері бұрылуға болмайды.
  • Мопедті сүйреуге немесе сүйрегіш ретінде пайдалануға рұқсат етілмейді.
  • Мопедте отырып жаяу жүргінші өткелімен жүруге тыйым салынады; тек жаяу жүргінші ретінде өтуге болады.

Мопедистердің киіміне қойылатын талаптар

  • Жүргізуші мен жолаушы міндетті түрде шлем кию керек.
  • Қараңғыда жарық шағылдырғыш кеудеше немесе жапсырма тағу міндетті.
  • Жол ережелерін, жол белгілерін және бағдаршам сигналының талаптарын орындау керек.

Мопедшілерге арналған жол ережесі

Мопед басқару үшін керек жүргізуші куәлігі
Мопедті басқару үшін А1 категориясындағы жүргізуші куәлігі қажет. Бсанаттағы жүргізуші куәлігі де жарамды. Қазақстанда 16 жастан бастап мопедті басқаруға рұқсат етіледі.

Жүргізуші өзімен қандай құжат алып жүруі керек?
Скутермен жолда жүру үшін міндетті түрде тіркелуі және мемлекеттік нөмірі болуы тиіс. Жүргізуші куәлігі мен техникалық паспорттың қағаз немесе электронды нұсқасы, жеке куәлік те болу шарт.

Айыппұлдар мен жауапкершілік

  1. Куәліксіз мопед жүргізу – 5 АЕК (2025 жылы 19 660 теңге).
  2. Куәлігінен айырылған адам рөлге отырса – 50 АЕК (196 600 теңге) немесе 10 тәулікке қамалады.
  3. Мемлекеттік нөмірі жоқ мопед – 10 АЕК (39 320 теңге);
  4. Жалған мемлекеттік нөмір тағу – 15 АЕК (58 980 теңге).

Техникалық талаптар

  • Тежеуіш жүйесі мен рөлі істемейтін көлікті жүргізуге болмайды.
  • Қараңғыда жарық шамдары жарамды болуы шарт.
  • Мопедте жыпылықтайтын құрылғылар мен сирена орнатуға тыйым салынған.

Мопедті орналастыру ережелері

Мопедшілер де жеңіл көлік иелері сияқты техникаларын жол ережесінде тыйым салынған жерлерге қоя алмайды.