Еуроодақ пен Қытай электрокарлар тарифтерін қайта қарайды

Брюссель мен Бейжің жаңа келіссөздер жүргізеді

👁️ 16
Сурет: Reuters/Florence Lo

Брюссель мен Бейжің Қытайдан Еуроодаққа кіретін электрокарларға енгізілетін баж салығын қайта қарауда. Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл ақпаратты ЕО сауда комиссиясы мен Қытайдың тиісті министрлігі растады. Келіссөздердің нәтижесінде жағдайдың біршама жақсаруы мүмкін.

Элекрокарларға баж салығы

2024 жылы Еуропа Қытай электрокарларына жоғары импорт салығын енгізді, оның көлемі 45%-ға дейін жетеді. Бұл салық мөлшері автоөндірушілердің қызметіне Бейжің билігінің қаншалықты араласатынына байланысты. Осы шара Еуропаның батареялы көліктерін демпингтен қорғау мақсатында қабылданды, себебі ЕО билігі Қытай өндірушілері мемлекет қолдауына сүйенеді деп есептейді.

Келіссөздер және тариф саясаты

Тараптар жаңа келіссөздер барысында Қытайдан импортталатын электрокарларға ең төменгі баға шегін белгілеу мүмкіндігін қарастырмақ. ЕО сауда комиссары мен Қытай үкіметінің өкілдері осы мәселені талқылауға келісіп отыр. Тариф саясатының өзгеруі Еуропаға Қытайдан кіретін батареялы автокөліктердің бағасының төмендеуіне әсер етеді.

Германия автоөндірушілер ассоциациясы бұл қадамды қолдап, кеден салығының енгізілуін қате шешім деп санайды.

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы

Бұл жағдайға Дональд Трамп басқарған АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы ықпал етті. АҚШ Қытайдан импортталатын барлық тауарларға баж салығын 145%-ға көтерді, ал Бейжің бұл жауап ретінде 84% салық енгізді. Трамп Қытайдан өзге елдерге баж салығын салуды 90 күнге кідірткен болатын. Қытай еуропалық нарыққа өту арқылы АҚШ-тың сауда ағынын бұруды көздеп отыр.