ВАЗ-2108-дің сирек нұсқасы АҚШ-та сатылымда
Беймәлім автомобильдің құны 29 мың доллар.

АҚШ-тағы бір дилер жергілікті нарықта бұрыннан белгісіз болған ВАЗ-2108 көлігін сатады. Бұл көліктің тек 2000-3200 данасы өндірілген деген мәлімет бар. Safari деп аталатын бұл нұсқаны ВАЗ-2105-ті түрлендіру арқылы жасаған Bohse компаниясы шығарған.

Bohse Safari мен стандарт ВАЗ-2108-дің айырмашылықтары жайлы айтар болсақ, бұл жерде шанақ типі өзгешеленеді. Стандартты үш есікті хэтчбек сол жағынан қатты, артқы жағы жұмсақ төбесі бар ландоға айналды. Жүксалғышы седанға ұқсас қақпақпен жабылады. Одан бөлек, Safari-ді фирмалық дөңгелек дискісі, Bohse логотипі бар радиатор торы, ерекше стикерлері мен эмблемалары арқылы тануға болады.

Бұл автомобиль Бельгиядан АҚШ-қа жеткізілген. Сатушы машинаның жағдайы тамаша, әрі көп жол жүрмегенін айтады. 1994 жылғы көліктің одометрі 11 мың шақырымды көрсетіп отыр. Иесі Safari-ді абайлап жөндеп, жаңа шина орнатқан.

Қазіргі уақытта машина 29 мың долларға (15 миллион теңге) бағаланып отыр.