Superpave технологиясы: Қазақстан жолдарының жаңа кезеңі

Жол жөндеу жұмыстарында жаңа тиімді технологияның енгізілуі

👁️ 13
Сурет: kolesa.kz

Superpave (Superior Performing Asphalt Pavements) – бұл өткен ғасырдың 90 жылдары Американың мемлекеттік жол және транспорт қызметкерлері ассоциациясы (AASHTO) әзірлеген асфальтбетон жабынын жобалау жүйесі. Бұл жүйе аймақтағы температура ерекшеліктерін, транспорт мөлшерін және ауыр жүк көліктерін ескере отырып жасалады. Қазіргі уақытта Қазақстанда мамандар автожол жобалағанда тек үш климат белдеуін ескеріп, екі түрлі битум пайдалануда. Ал Superpave технологиясы бойынша 10–15 климат белдеуін ескере отырып, әр аймаққа арнайы асфальтбетон, битум және қиыршық тас қоспасын әзірлеуге мүмкіндік береді.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жол жөндеушілер жаңа өнімді зертханада сынақтан өткізіп, биыл жеті жол бөлігінде сынап көретіндерін мәлімдеді.

Superpave технологиясы бойынша асфальт төселетін жолдар

  • Қонаев — Күрті тас жолының қайта жөндеуден өтетін бөлігі (1 км);
  • Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті трассасының қайта жөндеуден өтетін бөлігі (1 км);
  • Алматы — Көкпек — Шонжы — Көктал — Қорғас тас жолының орташа жөндеуден өтетін бөлігі (1 км);
  • Доссор — Құлсары — Бейнеу — Сай-Өтес — Шетпе — Жетібай — Ақтау порты жолының орташа жөндеуден өтетін бөлігі (Шетпеден Жетібайға дейін) (1 км);
  • Денисовка — Тавриченка — Аршалы — Комаровка трассасының орташа жөндеуден өтетін бөлігі (1 км);
  • Алматы — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы автожолының орташа жөндеуден өтетін бөлігі (1 км);
  • Астана — Қарағанды — Алматы тас жолының күрделі жөндеуден өтетін бөлігі (1 км).

АҚШ технологиясын енгізген соң, еліміздегі жолдардың сапасы артады деп сенесіз бе?