Еліміздегі жол апаттарын азайту үшін трассаларды тарылтады

Қауіпсіз жолдар - жүргізушінің жауапкершілігі

👁️ 43
Сурет: kolesa.kz

Тәртіп сақшылары «Қауіпсіз жол» жедел іс-шарасы аясында трассалардағы қауіпті жол бөліктерін анықтады. Себебі соңғы жылдары қала сыртындағы жолдарда апаттар саны артқан. Осыған орай, құзырлы органдар қауіпті учаскелерге арнайы жол белгілері мен қоршаулар орнатып, трассаның жүріс бөлігін тарылтуды қолға алады.

Загородные трассы сузят для снижения скорости Загородные трассы сузят для снижения скорости Загородные трассы сузят для снижения скорости

Бұл шара Батыс елдеріне тән әдісті қолдана отырып жүзеге асырылады. Тар жолда жүргізуші автоматты түрде жылдамдығын төмендетіп, мұқият болуға мәжбүр болады. Бұл тәсіл трассалардағы апаттарды азайтуға септігін тигізетінін ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

ІІМ әлеуметтік желіде жариялаған видеода, жолдың тарылған бөлігінде полиция көлігінің кезекшілікте тұрғанын көре аласыз. Полицейлер жүргізушілермен профилактикалық әңгіме жүргізіп, олардың шаршамағанына және жолды жалғастыруға дайын екендігіне көз жеткізеді.

Полицейлер жаңа тәсілдің мақсаты жүргізушілерді тек бақылау емес, сонымен қатар апаттардың алдын алу екенін атап өтті. Министрлік жол тәртібін қамтамасыз ету үшін дрондар мен жасырын патрульдерді кеңінен пайдалануға ниетті.

Сіз бұл экспериментке қалай қарайсыз? Бұдан бұрын еліміздегі жеті трассада орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылған болатын.