Kolesa.kz: Көлік тарихы сервисі
Көлікті сатып алу үшін қажетті ақпарат бір жерге жиналған

Қазақстанда көлік тарихы жайлы көптеген ақпарат беретін арнайы платформалар бар. Енді олардың барлығы Kolesa.kz сайтында біріктірілген: жаңа «Көлік тарихы» сервисі сатылатын автокөлік туралы негізгі деректерді жинап, хабарландыру бетінде қолжетімді форматта көрсетеді.
«Көлік тарихы» есебі мынандай мәліметтерді ұсынады:
- Иелерінің саны, иелік ету кезеңдері, тіркелген аймақтар.
- Заң тұрғысынан тазалық: ортақ иелер мен ауыртпалықтар.
- Жол-көлік оқиғалары.
- Айыппұлдар бар-жоғы.
- Техникалық байқау.
- Утилизация алымдары.
- Халықаралық база бойынша VIN-код арқылы ақпарат.
Kolesa.kz платформасы орташа баға динамикасын, алдағы үш ай ішіндегі болжамды, сондай-ақ, бұрын сатушы бұл көлік жайлы хабарландыру жариялаған-жаңылмағанын көрсетеді.
Жаңа сервис көліктің жеке иелері, жағдайы және заңды тазалығы туралы ақпараттармен уақытын жоғалтқысы келмейтіндер үшін таптырмас шешім. Сатушылар көлік тарихы жайлы ақпаратты ұсыну арқылы сатып алушылардың сенімін арттыра алады, сонымен қатар, іздеу кезінде «арнайы белгі» арқылы өз ұсыныстарын ерекшелей алады.
Сатушыларға арналған ақпарат
Сатып алушылар көліктің тарихын алу үшін хабарландыру бергенде VIN-код, мемлекеттік нөмір және куәлік нөмірі сияқты құжаттағы ақпараттарды енгізуі керек. Деректерді сканерлеу немесе қолмен енгізуге болады.
Көлік туралы барлық деректер Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура, Көлік министрлігі, Мемлекеттік кредиттік бюро және «Жасыл даму» АҚ базаларынан алынады.
Сатып алушыларға арналған ақпарат
Хабарландыруда иесі техпаспорттағы деректерді жүктеген жағдайда ғана көлік тарихы есебін алуға болады. Мұндай хабарландыруларды «Көлік тарихы» белгісінен оңай тануға болады.
Хабарландыруда «Көлік тарихын тексеру» батырмасын басу арқылы есепті сатып алу беті ашылады. Қызмет құны — 990 теңге. Есептер жеке кабинеттегі арнайы бөлімде сақталады.
Тек iOS және Android платформаларында жұмыс істейтін Kolesa.kz мобильді қосымшасында «Көлік тарихы» сервисі қолжетімді. Қосымшаны сілтеме арқылы жүктеп алуға болады.