GMC, Chevrolet және Cadillac модельдерінде ақау шықты
Автокомпаниялардың сервистік кампаниялары

АҚШ-та GMC, Chevrolet және Cadillac брендтерінің 6.2 литрлік V8 қозғалтқыштары ақау беріп, сервистік кампания басталды. 2021 жылдың наурызынан 2022 жылдың мамырына дейін шығарылған 597,630 автокөлікке қатысты тергеу жүргізілуде.
Тергеу мәліметтері бойынша, ақауға American Axle & Manufacturing және Questum Macimex компаниялары әзірлеген иінді білік пен бұлғақ компоненттері себеп болады. Жүргізушілерден 28 мыңнан астам шағым түскен, оның 14,3 мыңында қозғалтқыштың істен шыққаны көрсетілген. Ақаулардың салдарынан 12 автомобиль жол апатына тап болып, 42 көлік өртенген.

Сервистік кампанияда Cadillac Escalade, Escalade ESV, Chevrolet Silverado 1500, Suburban, Tahoe, GMC Sierra 1500, Yukon және Yukon XL модельдері қамтылған. Барлығы 2021–2024 жылдары таңбаланған. Қазақстанда Escalade мен Tahoe модельдері бар, Escalade 6.2 литрлік V8 қозғалтқышпен жабдықталса, Tahoe 5.3 литрлік мотормен келеді.
GM мамандарының айтуынша, тек 3% автомобильдер жөндеуді қажет етеді. Алайда барлық көліктер тексерістен өтеді. Егер ақау табылса, дилер моторды толық ауыстыруы керек. Мәселемен бетпе-бет келген жүргізушілерге жаңа агрегатты тегін орнату ұсынылады. Қалғандарына қою май құйып, қозғалтқыш қақпағын ауыстыру және нұсқаулыққа жаңа ақпарат енгізу міндеттеледі.