BMW Skytop Grand Tourer-дың жаңа кезеңі
Сүйкімді Skytop Grand Tourer-дің эксклюзивті нұсқасы

BMW ұсынған Skytop Grand Tourer-дің сериялы нұсқасы фототілшілердің көзіне түсті. Концерн бір жыл бұрын Италиядағы Villa d’Este конкурсында таныстырған бренд топтамасынан тыс эксклюзив екі есікті модельді шығарғалы отыр.
1 / 11










Жұрт Skytop Grand Tourer-ді «неміс Aston Martin»-і ретінде бағалады. Жаңа өнім дөңгеленген артқы бөлігі мен жоғары бағасымен (жарты млн доллар) британиялық спорткарды еске салады. Осыған қоса, ерекше жарықдиодты оптикасы бар акула тәрізді алдыңғы жағы 1970 жылдардың аяғы мен 1980 жылдардың басындағы BMW дизайнына ұқсас.
Техникалық сипаттамалары
Родстер (тарга) M8 Competition купесінің 625 ат күшіне ие 4.4 литрлік V8 моторымен жүреді, агрегат 8 диапазонды автомат және толық жетек жүйесімен жұмыс істейді. Жаңа өнімнің интерьері стандарт «сегіздіктен» қымбатырақ әрлеу материалдарымен ерекшеленеді.
Сатуға шыққан үлгі
BMW Skytop Grand Tourer-дің 50 экземпляры түгел сатылып кетті. Компания енді тек алдын ала тапсырысты ғана орындайды.