Словакиядан жаңа Mosslr суперкараты таныстырылды
Engler Automotive компаниясының жаңа жобасы

Словакиядағы Engler Automotive компаниясы Mosslr деп аталатын ерекше спидстерді таныстырды. Бұл суперкардың дизайны мен атауы аңызға айналған Mercedes-Benz SLR McLaren Stirling Moss моделіне сілтеме жасайды. Mosslr қуаты 750-1000 ат күшіне тең үш түрлі қозғалтқыш алады, ал бағасы 700 мың еуродан басталады.

Mercedes-Benz пен McLaren 2000 жылдардың аяғында SLR-дің толық ашық нұсқасын жасап, оны әйгілі шабандоз Стирлинг Моссқа арнаған. Стирлинг Мосс неміс компаниясының тарихында елеулі рөл атқарған. Ол 722 номерлі 300 SLR-мен Mille Miglia жарысында рекорд орнатқан. Осыған ұқсас спидстер SLR-ге негізделген және небәрі 75 данасы жарық көрді.

Mosslr моделінің сыртқы пішінін Еуропадағы Владимир Локтионов жасаған. Оның жобасы түпнұсқа SLR Stirling Moss-тың заманауи нұсқасы деуге болады, бірақ Формула-1 болидтеріне тән фирмалық «тұмсық» жоқ. Шанақ сызығы түпнұсқа 300 SLR-ді еске салады, ал радиатор торының пішіні қазіргі Mercedes-AMG-дің жобаларына ұқсайды.





Mosslr көлемі мен өндірушісі белгісіз V8 және V12 қозғалтқыштарымен жабдықталады. В8 қозғалтқышы 750 не 1000 ат күшін береді, ал 850 ат күшіне ие V12 шектеулі Collectors Edition нұсқасына орнатылады. Спидстердің ең жоғарғы жылдамдығы 322–350 км/сағ. құрайды.
Engler 75 суперкар шығарады. Қазіргі уақытта сынақ прототипін әзірлеп жатыр, алғашқы нұсқасы алты айдан кейін жарық көреді. Компания айына 2–3 көлік шығармақшы. Тапсырыс қабылдау басталып кетті, өтінімді растау үшін 20 мың еуро (11.5 млн теңгеге жуық) депозит талап етіледі. Mosslr автомобильді 710-790 мың еуроға (413.5–460 млн теңге) бағалап отыр.