Дубайда сирек Nissan Skyline GT-R сатылды
Дубайдағы F1rst Motors дилерлігінде Nissan Skyline GT-R (BNR34) сатуға шығарылды.

Дубайдағы сирек әрі қымбат машина сататын F1rst Motors дилері Nissan Skyline GT-R (BNR34) спортқарын саудаға қойды. V-Spec II Nismo Clubman Race Spec деген күрделі атауы бар мұндай машинаның 19-ы ғана шыққан.
Clubman Race Spec (CRS) түрленімі 2014 жылы Nismo бөлімшесінің 30 жылдық мерейтойына орай жарық көрді. Мұндай спорткар клиент ұсынған GT-R-ге негізделген: шеберлер машинаны шанағын ғана қалдырып, бөлшектеп, сирек кездесетін Z-Tune-де қолданылған компоненттермен қайта құрастырды. CRS-ті зауыттық рестомод деуге болады.
Мотор және өнімділік
CRS көлемі 2.8 литр болатын түрленген RB26DETT моторымен жабдықталған. Бұл агрегатты мамандар N1 жарыс блогы, жаңа Nismo R1 турбокомпрессоры, сондай-ақ GT-R (R35) бүріккіші сияқты компоненттер жинағы негізінде құрастырған. Күштік құрылымының ресми қуаты – 450 а.к., бірақ нақты қуаты 500-ден асады деген ақпарат бар. Қозғалтқыш 6 сатылы Getrag механика қорабы және фирмалық толық жетек жүйесімен жұмыс істейді. Сатушы спорткар 4.8 секундта жүзге дейін жылдамдық алатынын айтты.
Түс және ерекшеліктер
Мұндай GT-R түпнұсқа бастырық, өзгеше дөңгелек дискісі және Midnight Purple III деп аталатын шанақ түсімен ерекшеленеді. Оморидегі зауыттан шыққан CRS-тің басым көбі аппақ болған, ал біз сөз етіп отырған күлгін түсті автомобильдің бір данасы ғана бар.
Көлік тарихы
Раритет 40 749 километр жүрген. Бірақ сатушы бұл көлік зауыттан шыққаннан бергі көрсеткіш пе, әлде Clubman Race Spec құрастырылған кезден кейінгі нәтиже ме, айтқан жоқ.
Баға туралы ақпарат
Дубайдағы CRS-тің түсі айрықша болғанымен, баға жағынан рекорд жасай алмайды. Өйткені Жапониядағы Гунма префектурасында орналасқан Craft Sports Japan дилерлік орталығы 2017 жылы 2002 жылы шыққан модельден жасалған көк машинаны 830 760 долларға (431 млн теңгеге жуық) сатпақшы.
Дубайда орналасқан F1rst Motors дилерлігі – әлемдегі ең танымал люкс көліктердің бірі, және Nissan Skyline GT-R – автоспорттың аңызы.