Volkswagen Golf GTI Edition 50 таныстырылды
GTI-дің жаңа нұсқасы 50 жылдық мерейтойға орай шықты

Volkswagen компаниясы Golf GTI-дің жаңа нұсқасын таныстырды. Бұл GTI моделінің 50 жылдық мерейтойына арналған Edition 50 атауына ие болды. Жаңа модельдің ерекшелігі – ең қуатты 2 литрлік турбомотор. Volkswagen спорткар өндірісін жыл аяғына қарай бастап, келер жылы алғашқы клиенттерге автомобильдің кілтін табыстауды жоспарлап отыр.
Көлік GTI Clubsport модификациясына негізделген. Мамандар қозғалтқышты қайта баптап, қуатын 325 ат күшіне (420 Нм) көтерді. Соның нәтижесінде, бұл тарихтағы ең қуатты GTI болды. Бес есікті хот-хэтч 0-ден 100 км/сағат жылдамдыққа 5.5 секундта жетеді, ал оның ең жоғарғы жылдамдығы 270 км/сағ құрайды.
Edition 50-ның шассиі жаңартылып, клиренсі 15 мм төмендеген. Опция ретінде GTI Performance пакетін алуға болады. Бұл пакетте қайта бапталған серіппелер мен басқа тірек бар, нәтижесінде клиренс 5 мм төмендейді. Хетчбэк 19 дюймдік жеңіл дискілер, Bridgestone жартылай слик шинасы және Akrapovic спорттық газ шығару жүйесімен жабдықталған, бұл машинаның салмағын 11 келіге жеңілдетеді.
Golf GTI Edition 50 «Нюрбургринг» трассасын 7 минут 46.13 секундта жүріп өтпей, тарихтағы ең жылдам Volkswagen атанды.
Мұндай Golf-ті әсіресе қызыл-қара шанағы мен торлы өрнекті орындықтары арқылы тануға болады. Салонында жаңа рөл мен қызыл қауіпсіздік белдіктері бар.
Машинаның ресми бағасы әзірге белгісіз, бірақ Golf GTI кемінде 55 мың еуроға (33 млн теңге) сатып алынуы мүмкін.