Жаңа Urban Cruiser электрокары таныстырылды

Toyota-ның жаңа электрокары: Urban Cruiser

👁️ 13
Сурет: kolesa.kz

Компания жаңа Urban Cruiser электрокарын таныстырды. Бренд модель Urban SUV концептісіне негізделген, шын мәнінде бұл өңі өзгерген Suzuki e-Vitara кроссовері, тіпті күштік құрылымы дәл сондай. Машина саудаға қашан шығатыны нақты айтылмаған, бірақ өндірісі наурызда басталады деген жоспар бар.

Urban Cruiser-дің өлшемдері 4285×1800×1640 мм болып, дөңгелек базасы 2.7 метрді құрайды. Бұл модельдің 19 дюймдік дискілері орнатылған. Toyota-ның Еуропадағы модельдер желісінде Urban Cruiser Yaris Cross-тан сәл жоғары орналасады. Өлшемдері ұқсас, бірақ ось арасындағы қашықтық үлкен болғандықтан салоны кеңірек болып келеді. Экстерьері бір платформадағы модельге ұқсас болғанымен, Toyota-ның қазіргі дизайнынан үлгі алған алдыңғы бөлігі бар.

Интерьерінде тек әрлеу материалдары өзгеше. Urban Cruiser қағидатында қырлы рөлмен, алдыңғы панелі өзіндік ауа өткізгішпен жабдықталған. 10.1 және 10.25 дюймдік дисплейі бар медиа жүйе орнықты. Ортаңғы тоннелінің шайбасы екі деңгейлі. Жабдықтар тізімінде панорамалы шатыр, JBL акустикасы, 12 түрлі атмосфералы жарық және айнала шолу камералары да бар. Артқы орындықты жылжытып, жүксалғыш көлемін ұлғайтуға немесе жолаушылар орнын кеңейтуге болады.

Urban Cruiser-дің базалық нұсқасы алдыңғы осьтегі 144 ат күшін және 189 Нм момент беретін бір қозғалтқышпен жабдықталған, әрі 49 киловаттық литий-темір-фосфатты батареядан қуат алады. Орташа нұсқасы 174 ат күшін беретін моторымен және 61 кВт·сағ аккумулятормен жабдықталады. Ең қымбат комплектация құрамында артқы осінде қосымша қозғалтқыш болады, ол арқылы қуаты 184 ат күшіне (300 Нм) дейін артады. Жүріс қоры туралы ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

Toyota-ның Еуропадағы электромобиль нарығына орнығу стратегиясы 2026 жылға қарай 15 жасыл модельден тұратын топтама құруды көздейді. Ал 2035 жылға қарай Еуропада іштен жанатын қозғалтқышқа тыйым салынса, компания қоршаған ортаға зиян келтірмейтін модельдер ұсынуға ниетті.