2025 жылға арналған жаңа айыппұл мөлшерлері

Жол ережесін бұзғандар үшін айыппұлдар артады

👁️ 15
Сурет: kolesa.kz

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3932 теңге болады. Жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл осы көрсеткішпен тікелей байланысты, сондықтан ол да артады.

Мысалы, жылдамдықты 10-20 км/сағ асырған жүргізуші 5 АЕК, яғни 19 660 теңге (қазір 18 460 теңге) төлейді. Қауіпсіздік белдігін тақпаған, шлемсіз жүрген немесе тоқтау және аялдау ережесін бұзған жүргізушіге де дәл сондай сомада айыппұл салынады.

Бағдаршамның қызыл түсіне өту — қазір 36 920 теңге (10 АЕК), келер жылы 39 320 теңгеге дейін қымбаттайды. Жылдамдықты 20-40 км/сағ асыру, көлікті мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орынға заңсыз қою немесе жаяу жүргінші өткелінде адам өткізбеу сияқты ереже бұзғандарды да осындай жаза күтіп тұр.

Көлік жылдамдығын 60 км/сағ және одан жоғары асырған жүргізуші 40 АЕК (жаңа айыппұл — 157 280 теңге) арқалайды. Сонымен қатар, кейбір трассаларда орташа жылдамдықты тіркейтін камералардың жұмыс істеп жатқанын да ескеру керек. Сондықтан жылдамдық асырмаңыз!

Ал жүргізуші куәлігінен айырылған адам рөлге отырса немесе жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалса, айыппұл (50 АЕК) 184 600 теңгеден 196 600 теңгеге дейін өседі.

На скольки вырастут штрафы с 1 января 2025 года

Мопедшілерге арналған айыппұлдар

2025 жылдың сәуірінен бастап мопед автокөлік құралдарына теңеседі, ал жүргізушілері келесі ережелерді бұзған жағдайда айыппұл арқалайды:

  • куәліксіз жүру — 5 АЕК (2025 жылы 19 660 теңге);
  • мемлекеттік нөмірі жоқ немесе дұрыс тіркелмеген мопедті басқару — 10 АЕК (39 320 теңге);
  • жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік нөмір тағу — 15 АЕК (58 980 теңге);
  • көлік жүргізу құқығынан айырылған адам мопед басқарса — 50 АЕК (196 600 теңге) немесе 10 тәулікке қамалады;
  • мопедті куәлігінен айырылған немесе куәлігі жоқ адамға беру — 50 АЕК.
На скольки вырастут штрафы с 1 января 2025 года

Сондықтан, жолда бола тұра, ережелерге жүгініп, жауапкершілікпен жүріңіз.

Сәтті сапар тілейміз!