Jaecoo J8 кроссовері Қазақстанда сатыла бастады
J8 кроссовері: сипаттамалары мен ерекшеліктері
Chery концернінің құрамына кіретін қытайлық Jaecoo Қазақстанға J8 индексті үлкен кроссоверін әкелді. Оның ұзындығы 4820 мм, дөңгелек базасы 2820 мм болса, отанында J8 Chery Tiggo 9 деген атаумен танымал.
Jaecoo J8-дің барлық нұсқасы 249 ат күші (385 Нм) 2 литрлік турбомотормен жабдықталған. Кроссовер 7 сатылы робот және толық жетек жүйесімен қатар жүреді.
Қазақстанда J8 үш комплектацияда ұсынылады. Ең арзан нұсқасы, жеңілдіктерді есептемегенде, 17 млн теңге тұрады. Comfort түрленімі алдыңғы және бүйірлік эйрбег, қауіпсіздік пердесі, айнала шолу камерасы, парктроник, жарық және жаңбыр сезгегі, бейімді круиз-бақылау, автоматты тежеу жүйесімен жабдықталған.
- Алғашқы орындықтарды жылыту және желдету
- Рөлдің жылытуы
- Алдыңғы орындықтарды электрлі реттеу
- Жүксалғыш есігінің электр жетегі
- Кілтсіз ашу жүйесі
- Екі аймақты климат-бақылау
- Алдыңғы панельдегі 12 дюймдік дисплей
- Сымсыз қуаттау
Орташа Luxury жиынтығы 18 млн теңге тұрады. Ол жарық техникасы, көрінбейтін аумақты бақылау, жолақта ұстау, проекциялық дисплей сияқты электронды көмекшілермен ерекшеленеді. Сонымен қатар, кроссовердің алдыңғы әйнегі көп қабатты, ал артқы көрініс айнасы электрохромды.
Ең қымбат нұсқасы — Premium DTV, бағасы 19.5 млн теңге. Бұл комплектацияның екі түсті шанақ бояуы бар және қосымша бүйірлік қауіпсіздік жастығы, жүргізушіге арналған ортаңғы және тізедегі эйрбег, шаршауды бақылау жүйесі, рөлдің электрлі параметрі, 14 динамигі бар аудиожүйе және жетілген толық жетек жүйесімен жарақталған.