2025 жылға арналған ең үздік автомобильдер анықталды

Еуропадан Америкаға дейінгі үздіктер тізімі

👁️ 13
Сурет: kolesa.kz

Қаңтар айында автомобиль индустриясында өткен жылдың үздіктері анықталды. Еуропаның 23 елінен келген 60-тан астам автожурналист машиналардың әр түріне балл беріп, жеңімпаздарды таңдады. Биыл жеңісті 353 балмен Renault 5 жеңіп алды.

Renault 5 - үздіктердің көш бастарлары

Renault 5 екінші жыл қатарынан «Еуропаның жыл автомобилі» (COTY) атанды. Былтыр осы атақты Scenic моделі иеленген еді.

Басқа жеңімпаздар

Названы лучшие машины 2025 года в Европе и США
  • Екінші орын - 291 балмен Kia EV3.
  • Цитрон C3/eC3 - 215 балл.
  • Hyundai Inster - 172 балл.
  • Dacia Duster - 168 балл.
  • Cupra Terramar - 165 балл.
  • Alfa Romeo Junior - 136 балл.

Демек, Еуропа тұрғындарына шағын хетчбэк пен арзан кроссоверлер ұнауда. Тізімдегі көліктердің тең жартысы – электромобильдер.

Солтүстік Америкадағы жеңімпаздар

Названы лучшие машины 2025 года в Европе и США

Детройт автосалонында «Солтүстік Американың жыл автомобилі» (NACTOY) конкурсының жеңімпазы анықталды. Мұхиттың арғы жағындағы Honda Civic Hybrid жеңімпаз атағын иеленді, ол Kia K4 пен Toyota Camry-ді артта қалдырды.

Пикаптар мен utility категориясы

Пикаптар арасында бірінші жүлде Ford Ranger-ге бұйырды. Ол Ram 1500 мен Toyota Tacoma-ны басып озды. Ал, utility категориясында күтпеген жерден Volkswagen ID.Buzz минивэні жеңіске жетті, ол Chevrolet Equinox EV мен Hyundai Santa Fe-ден жоғары тұрады.

Volkswagen ID.Buzz