Қытайда Toyota Camry автомобильдер Оскары аталды

China Auto Awards 2024 марапаттары

👁️ 29
Сурет: kolesa.kz

Қытай орталық телевизиясы автомобильдер «Оскары» деп аталатын China Auto Awards жүлдесін табыстады. Сыйлық 15 номинациядан тұрады және жергілікті брендтермен ғана шектелмейді. Мысалы, 2024 жылдың үздік седаны атағы Toyota Camry-ге бұйырды.

Байқаудағы кей номинация сегменттегі үздік модельдерді анықтауға арналған. Өткен жылдың қорытындысы бойынша:

  • Toyota Land Cruiser Prado — үздік жол талғамайтын көлік;
  • Hyundai Santa Fe және Wey 07 — үздік кроссовер;
  • Roewe iMax 8 — үздік минивэн.

Агрегат бөлімінде Chery Fulwin T9 гибриді үздік деп танылды. Қазылар алқасы енді:

  1. Ең озық электронды көмекшілер жүйесі — Li Auto L6;
  2. Үздік онлайн-сервис — Xiaomi SU7;
  3. Жайлы машина — Nissan Pathfinder;
  4. Қауіпсіз көлік — Honqgi EHS7;
  5. Дизайн саласында — M-Hero 917 — Dragon Armor арнайы нұсқасы мен Chery iCar V23.

Ең басты жүлде Exlantix ET кроссоверінің гибрид нұсқасына бұйырды, ол 31 үміткерді жеңіп шықты. Кроссовердің электромоторы 1.5 литрлік дәстүрлі қозғалтқышпен бірге 469 ат күшін береді. Модельдің жалпы жүріс қоры — 1.5 мың шақырым, ET электр жетек күшімен 240 шақырымды еңсереді. Қытайда кроссовердің бағасы 189 800 юаньнан (13.5 млн теңге) басталады. Гибрид жақында Ресейде ресми саудаға шығады, онда модель айтарлықтай қымбат болады.

China Auto Awards қазылар алқасы техника және нарық саласының сарапшыларынан тұрады. Оның құрамында CATARC инженерлік-технологиялық орталығының, өндірушілер мен дилерлер ассоциациясының және халықаралық сауда жөніндегі мемлекеттік кеңестің өкілдері бар.