Жүргізушілерді ынталандыру жүйесі жол қауіпсіздігін арттыра ала ма?

Қазақстандағы жол қозғалысы қауіпсіздігі мен ынталандыру механизмі

👁️ 8
Сурет: kolesa.kz

Бүгін, 6 ақпанда, Астанада "Қазақстандағы қалалық мобилділікті дамыту" форумында жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері талқыланды. Форум барысында Sergek Group компаниясының бас директоры Евгений Ким жүргізушілерді жол ережелерін сақтауға ынталандыру жүйесін енгізуді ұсынды. Оның пікірінше, көлік жүргізу мәдениетін арттыру тек жазамен шектелмеуі керек.

Халықаралық тәжірибе

Е. Ким Сингапур мен Канададағы тәжірибелерді мысалға келтірді:

  • Сингапурда ереже сақтайтын жүргізушілерді ынталандыру жүйесі бар. Белгілі бір уақыт бойы ереже бұзбағандар сақтандыру полисін рәсімдеуде жеңілдіктер алады.
  • Канадада сақтандыру компаниялары жүргізушілердің көлікті жүргізу стильдерін бақылайтын арнайы бағдарламалар ұсынады. Мұндағы жүргізушілердің қауіпсіздігіне байланысты сақтандыру сыйақысы 25%-ға дейін төмендетілуі мүмкін.

Қазақстандағы жағдай

Елімізде сақтандыру класс жүйесі бар. Апатқа жиі ұшырамайтын, 11, 12, 13 класстағы жүргізушілер полисті апатқа көп түсетіндерге қарағанда төмен бағаға алады.

Биылғы 1 қаңтардан бастап:

  1. Егер жүргізуші мас күйінде көлік жүргізсе немесе көлікті мас адамға тапсырса, қауіпсіздік классы ең төменгі М2-ге дейін түседі.
  2. Мас күйінде жасалған апаттан адамдар зардап шеккен жағдайда, полис құны 3.5 есе қымбаттайды.

Ынталандыру шаралары

Шенділер, депутаттар және полицейлер айыппұлы жоқ, жол апатына түспеген жүргізушілерді ынталандыратын қосымша шаралар енгізсе, өте жақсы болар еді.

Сіздер не ойлайсыздар? Жол қозғалысының мәдениетін арттыру үшін қандай шаралар қабылдану қажет?