2025 жылдың қаңтарындағы Қазақстанның жаңа автомобиль нарығы
Нарықтағы жаңа автомобильдер сатылымының нәтижелері

Қазақстанның жаңа автомобиль нарығы жыл басында өзінің тұрақты көрсеткіштерін сақтамайды. 2025 жылдың қаңтарында автодилерлер 11 261 көлік сатты. Бұл жалпы сауда санының ішінде жеңіл автомобильдер, жеңіл коммерциялық техника, автобустар мен жүк көліктері бар.
Оның ішінде тек жеңіл автокөліктер туралы айтар болсақ, 10 727 машина иесін тапты. Бұл 2024 жылдың қаңтарындағыдан 1.87% жоғары көрсеткіш. Алайда, 2024 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда жеңіл автомобильдер сатылымы 55.26%, ал жалпы нарық 56% төмендеген. Дегенмен, былтыр рекордты нәтижелер тіркелгенін ұмытпауымыз керек.
2025 жылғы қаңтар қорытындысы бойынша жаңа автомобильдер нарығындағы үздік 10 марка
Орын | Марка | 2025 жылғы қаңтардағы сауда |
1 | Hyundai | 3175 |
2 | Chevrolet | 1189 |
3 | Kia | 980 |
4 | Chery | 709 |
5 | Geely | 660 |
6 | Toyota | 602 |
7 | JAC | 589 |
8 | Jetour | 581 |
9 | Haval | 580 |
10 | Changan | 372 |
Hyundai қаңтар айында ең танымал бренд атанды. Компания 3175 автокөлік сатты. Екінші орында Chevrolet, 1189 машина өткізді, ал үздік үштікті Kia (980 данамен) толықтырды. Hyundai мен Chevrolet сатылымы былтырғы жылмен салыстырғанда артса, Kia 20.3% төмендеді. Төртінші орынға ие Chery де төмен көрсеткіш көрсетті (709 данамен, -34.4%). Былтырғы қаңтарда 323 моделін сатқан Geely биыл 660 көлік өткізіп, рейтингте бесінші сатыға көтерілді.
Танымал модельдер тізімінде Hyundai Tucson алда келеді. Бір айда 1452 кроссоверге иесі табылды. Одан кейін Кобальт (1113 данамен) мен Hyundai Elantra (571) тұр. 1-5 бестікке Hyundai Santa Fe (473) мен Kia Sportage (460) енді.
BYD саудасы қалай болып жатыр?
BYD бренді 2025 жылдың қаңтарында ресми түрде Қазақстан нарығына кірді. Оның топтамасында Han электромобилі мен Song Plus кроссоверінің гибрид және электр нұсқалары бар.

Брендтің қазіргі нәтижелері көңіл көншітпейді, BYD бір айда небәрі 16 автокөліктің кілтін тапсырды, оның бәрі бензин-электрлі Song Plus Dm-i.