Mansory Tesla Cybertruck-қа арналған ерекше тюнингті таныстырды
Пикаптың жаңа дизайны мен артықшылықтары

Mansory ательесі Tesla Cybertruck-қа арналған алғашқы тюнинг-бағдарламасын ұсынды. Mansory Atelier-дің эксклюзив машиналар жобасы аясында жасалған ол Elongation деп аталады. Тюнерлер пикаптың күштік құрылымына тиіспей, сырт пішінін өзгертуді қолға алды.
Ателье пикапты карбон бампер және ірі табалдырықпен біріккен ерекше арка кеңейткішпен жабдықтайды. Алдыңғы жүксалғышының қақпағы, бүйірлік айнасы, артқы спойлері және қосымша жарық техникасы да бірден көзге түседі.
26 дюймдік дөңгелектер
Шеберлер 26 дюймдік дөңгелек дискісін өлшемі 315/40 шинамен қаптауды ұсынып отыр.
Суреттерді қарап шыққанда, әрбір детальдың дизайндарының жоғары деңгейде екенін байқауға болады:
Интерьердің сәні
Mansory интерьерді тапсырыс берушінің қиялына қарай әрлейді. Демо-машинаның салоны лайм түсті қосымшалары бар ақ және қара-сұр былғарымен қапталған.
Ателье мұндай бодикит қанша тұратынын айтқан жоқ. Бірақ Cybertruck Elongation шекті тиражбен шығатыны белгілі.