АВТОВАЗ Lada Iskra интерьерін таныстырды
Жаңа Lada Iskra-ның дизайны мен жабдықтары туралы алғашқы ақпарат

АВТОВАЗ Lada Iskra салонының суреттерін жариялады. Прототипі былтыр жарық көрген, қазір сериялық нұсқаның интерьер суреттері пайда болды. Кәсіпорын жаңа өнімнің жабдықталуы туралы алғашқы ақпарат берді.
Суреттерден бұл қымбат модификациялардың бірі екенін көруге болады. Iskra вариатормен және планшетке ұқсас дисплейі бар медиажүйемен жабдықталған. Granta мен Vesta-дан қырлы желдеткіші бар бірегей алдыңғы панель және арнайы жасалған эксклюзив орындықтарымен ерекшеленеді. Олар қара-сұр түсті болады немесе ашық түсті акценттермен әрленеді.





Базалық комплектацияға:
- Екі қауіпсіздік жастығы
- Кергіші бар белдіктер
- Жақсартылған дыбыс изоляциясы
- Өрге қарай қозғалғанда көмектесетін жүйе
Барлық нұсқа атермал әйнекпен жабдықталады, үздік комплектацияда артқы бөлігі қараңғыланады. Артында парктроник пен камера да бар. Жүксалғыш көлемі — шамамен 500 литр.
Модельдердің түрлері мен техникалық сипаттамалары
Lada Iskra седан және универсал ретінде шығады, соңғысының кросс-нұсқасы болады. Мотор гаммасы 1.6 литрлік 90 және 106 ат күшін беретін агрегаттан тұрады. 90 ат күші бар мотор тек 5 сатылы мехикамен жұптасса, 106 ат күшіне ие түрленім 6 сатылы механика немесе вариатормен жұмыс істейді.
Бастапқы бағасы — 1.2 млн рубль (7 млн теңгеге жуық).