Мопедшілердің жол ережесін бұзуы әлеуметтік желіде тарады
Алматыда мопедшілердің тәртіпсіздігі

Өткен демалыста әлеуметтік желіде мопедшілердің жол ережесін бұзып, бұзақылық жасаған сәтінен бірнеше видео тарады. Ролик авторлары видеоны қашан түсіргенін нақты жазбаған, бірақ оқиға 15 немесе 16 наурызда болған сияқты.
Полицияның әрекеті
Бір кадрда Гоголь көшесі мен Абылай хан даңғылы қиылысында бағдаршамда тұрған 15-ке жуық мопедші полиция көлігін көрген бетте қызыл сигналға қарамай, солға бұрылып кетеді. Полиция бір ғана жүргізушіні ұстай алды.
Клубтардың жиналуы
Тағы бір роликте мопедшілер клубы жиналатын орын көрсетілгенге ұқсайды. Ол Алматы іргесіндегі Абай ауылының маңы болуы мүмкін. Сонда топтасқан көп мопед жол ережесін елемей Райымбек даңғылы бойымен қалаға бет алған. Абылай хан бойындағы жаяу жүргіншілер өткелінен ондаған мопедші бір мезгілде өтіп, Жібек жолы көшесіндегі Арбатта жолаушылар арасында жүрген.
Аулалардағы тәртіпсіздік
Осы демалыста тұрғындар мопед мінген жастардың жолда ғана емес, қаладағы тұрғын үй аулаларында да тәртіп бұзғанын хабарлады. Олар дыбыс басқышы жоқ мопедпен тыныштықты бұзып, алдыңғы дөңгелегін көтеріп трюк жасаған, өзара жарысып, жұрттың мазасын алған.
Болашақтағы өзгерістер
Мопедшілер тәртіп сақтағысы келмейтін сияқты. 5 сәуірден бастап мопедіне мемлекеттік нөмір тақпағандар жауапқа тартылады, бұл ереже оларға қалай әсер ететін жақында көреміз. Полицейлер тәртіптің сақталуын қадағалауға дайын ба? Мына жағдайға қарасақ, дайын еместей көрінеді.