Алматылықтар «Almaty clean & green» акциясына қатысты
Алматыда экологиялық тазарту акциясы өтті.
👁️ 22

Сурет: inalmaty.kz
Алматыда «Almaty clean & green» атты жаппай тазарту шарасы өтті. Акцияның мақсаты – қаланың экологиялық жағдайын жақсарту және көгалдандыруды дамыту - деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.
- «Almaty clean & green» шарасына қаланың барлық аудандарының тұрғындары қатысты.
- Қатысушылар көшелерді, қоғамдық орындарды, саябақтарды, алаңдарды тазарту жұмыстарында белсенділік танытты.
- Сондай-ақ, акция барысында ағаштар мен бұталар отырғызылды.
Шараға Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, мәслихат депутаттары, мәдениет қайраткерлері, спортшылар, жастар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен экологиялық белсенділер қатысты.
«Акцияға 50 мыңнан астам қала тұрғыны, 1200-ге жуық коммуналдық қызмет жұмысшылары, 350-ден астам техника қатысты.»
Акция барысында рекреациялық аймақтар, саябақтар, скверлер, аулалар тазартылып, 8 мың кубометрден астам қалдықтар шығарылды.
«Almaty clean & green» акциясының маңызды нәтижесі ретінде 10 мыңнан астам алма, алмұрт, емен, акация, клен, ясен секілді ағаш түрлерін отырғызу болды.