Тбилисиден Алматыға бағыт алған Air Astana ұшағы Бакуге шұғыл қонды

Air Astana ұшағы шұғыл қонды.

👁️ 12
Сурет: inalmaty.kz

Тбилисиден Алматыға бет алған Air Astana ұшағы Бакуге шұғыл қонды. Пассажирдің денсаулығы нашарлап, ұшақ капитаны Гейдар Алиев халықаралық әуежайында қонуға рұқсат сұрауға мәжбүр болды - деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.

Ұшақ сәтті қонды. Пассажирге медициналық көмек көрсетіліп, одан кейін ауруханаға тексеруге жіберілді.

Қазақстандық әуе компаниясының баспасөз қызметі әзірше жағдайға қатысты ешқайда ақпарат берген жоқ.