Алматыда фонтан кешендерін қайта жөндеу басталады

Алматыда төрт фонтан кешендерін қайта жөндеу жұмыстары басталады.

👁️ 25
Сурет: inalmaty.kz

Оңтүстік астанада төрт фонтан кешені - Алматы қаласының әкімдігі алдындағы Шығыс және Батыс фонтанды, Республика алаңындағы фонтанды және Мүсірепов атындағы театр ғимараты алдындағы фонтанды қайта жөндеу жұмыстары басталды. - деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.

Жоба сараптамасының нәтижесі бойынша, аталған нысандардың техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз екені анықталды. Гидроизоляцияның ескіруі, насос жабдықтарының тозуы және фильтрация жүйелері кешенді жаңартуды талап етеді.

«Модернизация аясында техникалық жайлар конструкцияларын күшейту, инженерлік коммуникацияларды толық ауыстыру, су қамтамасыз ету, гидроизоляциялық жабындарды жаңарту, насос станциялары мен су фильтрация жүйелерін жаңарту, автоматтандырылған басқаруды енгізу, сондай-ақ көрші аумақтарды абаттандыру жоспарланған»,- деп атап өтті ведомство.

Фонтан кешендерінде төмен вольтты жарық шамдары мен электр тоғы соққы бермейтін насос жабдықтары орнатылады. Су тазартуды активті оттегі генераторының көмегімен жүзеге асыру жоспарлануда, бұл сұйық хлордан бас тартуға және эксплуатациялық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Ескере кету керек, фонтан кешендері алғаш рет қайта жөндеуден өтеді. Бұрын тек ұсақ жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жобаның аясында тарихи келбетті сақтау, жаңартылған нысандардың архитектуралық құндылығын сақтау және қаланың ландшафтында үйлесімді болуын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді.

Құрылыс-монтаждық жұмыстар ағымдағы жылдың сәуір айында басталып, қазан айында аяқталады.