Қазақстаннан бидай импорттауға тыйым салынды
Қазақстаннан бидай, жасымық және зығыр импортына толық тыйым салынды.
17 қазаннан бастап Ресей Федерациясының Россельхознадзор органы Қазақстаннан бидай, жасымық және зығыр импорттауға толық тыйым салды. Ведомство бұл шешімнің себептерін түсіндіру мақсатында өз сайтында мәлімдеме жасалды - деп хабарлайды eldala.kz тілшісі.
Ведомствоның мәліметтеріне сүйенсек, 2024 жылдың басынан бері қазақстандық өнімдерде 215 карантиндік объекті анықталды, бұл 2023 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда төрт есе көп.
«Барлық жағдайларды Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауыл шаруашылығы өнімдерін қауіпсіздігі инспекциясы комитетіне хабарлап, ЕАЭО заңнамасының талаптарын сақтау бойынша шаралар қабылдау қажеттілігіне назар аударды. 2023 жылдың қыркүйек айында Россельхознадзор қазақстандық әріптестеріне Ресейге әкелінетін бірқатар карантин объектілерінің фитосанитарлық сертификаттарын рәсімдеуді тоқтату жөнінде өтініш білдірді. Алайда фитосанитарлық сертификаттарды беру, сонымен қатар карантин объектілерін анықтау жағдайлары жалғасуда. Сондай-ақ карантин объектілерін анықтау фактілері бойынша тексеру нәтижелері ұсынылмады», - делінген Россельхознадзордың хабарламасында.
Ведомство, Қазақстанның мемлекеттік органдары тарапынан шаралар қабылданбаған жағдайда және Ресей аумағының фитосанитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан өнімдерін енгізуді шектеу туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді.
Алайда, бидай, зығыр тұқымдары және жасымықтың транзиті, Қазақстанның өкілдері фитосанитарлық сертификаттарды тікелей тағайындалған елге рәсімдеген жағдайда, және Қазақстан шығарған теміржол вагондарынан тікелей кеме трюмдеріне ауыстырылған жағдайда рұқсат етіледі.
Сол уақытта нарықтың қатысушылары бұл Қазақстанның Ресей бидайын импорттауға енгізген шектеулерге жауап ретінде келген шара екендігіне сенімді.