Қостанай фермерлері тұрғын үйді жеңілдетілген ипотекамен алуға сұраныс білдіруде
Қостанай облысының фермерлері ауылда жеңілдетілген ипотека енгізуді сұрайды.
👁️ 14
Сурет: eldala.kz
Қостанай облысының фермерлері ауылдарда жеңілдетілген ипотека бағдарламасын енгізуді сұрайды. Бұл шара ауыл шаруашылығындағы кадрлар тапшылығын ішінара шешуге мүмкіндік береді – деп хабарлайды eldala.kz тілшісі.
Қостанай облысының ауылшаруашылық тауарын өндірушілер ассоциациясының өкілдері жастардың ауылда жұмыс істеуге қызығушылығын арттыру қажеттігін атап өтті. Сондықтан аграрийлер жеңілдетілген ипотеканы ұйымдастыру мәселесін қарастыруды ұсынды.
- Мысалы, ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндерге алғашқы үш жыл бойы 3-5% мөлшерлеме, одан кейін 0% мөлшерлеме бойынша төлеуді ұсыну.
- Осылайша, алғашқы үш-бес жыл ішінде жастар ауылда орныққан болар еді.
Сондай-ақ, жастарға тәлімгерлердің қажет екендігі де айтылды.
«Зейнет жасының қысқартылу мәселесін қарастыру қажет. Егер осындай ынтымақтастық болса, жастар мен тәлімгерлерді орнықтырамыз. Әрине, бұл мәселе қаржылық салымды талап етеді, бірақ пайдасы да зор болады», - деді Қостанай облысының ауылшаруашылық тауарын өндірушілер ассоциациясының өкілі Светлана Михайленко.
Айта кету керек, бұған дейін Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге өз жұмысшыларына тұрғын үй салу үшін субсидия беру ережелері қабылданған болатын.