Сайғақтар Қазақстаннан Ресейге көшіп, егістіктерге зиян келтіруде
Саратов облысына сайғақтардың шабуылы мәселесі көтерілді.

Саратов облысына Қазақстаннан 0,5 миллионнан 1 миллионға дейін сайғақ кіріп, егістіктерді, жайылымдарды және шөп шабатын жерлерді таптап жатыр. Фермерлер залалды айтып, көмек сұрауда - деп хабарлайды eldala.kz тілшісі.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, өңір фермерлері Ресей президенті Владимир Путинге көмек сұрап хат жазған. Хатты жазушылар соңғы жылдары сайғақтардың популяциясының өскенін, қазіргі таңда Ресейде 1 миллионға жеткенін атап өткен. Қазақстаннан келген антилопалардың көптеп келуі жағдайды ушықтырған.
«Біздің өңірдегі ауыл шаруашылығының өмір сүруіне қауіп төндіретін осы мәселені шешуде сізден түсіністік және қолдау күтудіміз», — делінген фермерлердің үндеуінде.
Саратов облысындағы ірі шаруашылықтар басшылары Путинге жазған хатында, сайғақтардың егін жинаудағы залалының сақтандыру арқылы өтелмейтінін, себебі антилопaların ауыл шаруашылығы зиянкестері тізімінде жоқ екенін хабарлаған.
Саратов облысының ауыл шаруашылығы министрлігі залалды бағалау үшін комиссиялар құрды және аграрийлерге қолдау көрсету механизмін әзірлеуде.
«Взгляд-инфо» басылымының мәліметінше, сайғақтар сәуір айының екінші жартысынан бастап Саратов облысына көптеп келе бастаған. Өңір фермерлері бригадаларға бөлініп, антилопалардың егістіктеріне енуіне жол бермей отыр. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер сайғақтарды Қазақстанға қайта қайтаруға тырысып жатыр, бірақ олар үшін қажетті техника мен адам ресурстары жетіспейді. Олар сондай-ақ, жануарларды қорқытып, қайта Қазақстан территориясына жіберу үшін тікұшақтар бөлуін сұрап отыр.
Қазақстанның экология министрлігінің бағалауы бойынша, сайғақтардың саны төлдеуді есептегенде 5 миллионнан асты. Егістіктер мен жайылымдарды зақымдайтын антилопалардың шабуылынан жеті облыстың фермерлері зардап шегуде. Қазіргі уақытта қазақстандық ғалымдар сайғақтардың популяциясын реттеу бойынша биологиялық негіздеме әзірлеуде. Жануарлардың еті өңдеуге тапсырылмақ.