Алматыда мас күйдегі ер адамдардың жаппай төбелесі болды

Алматыда мас күйдегі ер адамдардың арасында жаппай төбелес болды.

👁️ 9
Сурет: inalmaty.kz

Кеше түнде оңтүстік астанада бірнеше мас ер адамдардың қатысуымен төбелес орын алды, - деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі. Полицияның мәліметінше, әлеуметтік желілерде мас адамдардың арасында болған төбелестің видеосы тарап жатыр.

Төбелеске полиция жедел назар аударып, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті шараларды қабылдады. «Барлық қатысушылар ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оқиға кезінде 102 телефонына ешқандай хабарлама түскен жоқ. Дегенмен, қоғамдық тәртіпті бұзғанын анықтаған патрульдік экипаждар жедел түрде араласты»,- деп атап өтті ведомство.

Қазіргі уақытта инцидентке қатысушылардың әрекеттері зерттелуде. Олардың әрқайсына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріледі.

Сіздің 102 нөміріне жіберген хабарламаларыңыз бен сигналдарыңыз әрдайым маңызды: олар құқық бұзушылықтарға уақытында жауап беруге көмектеседі.