Майлы дақылдардың форвардтық сатып алуы көлемі артты
Қазақстанда майлы дақылдардың форвардтық сатып алуы артты.

Продкорпорация осы жылы елімізде егін алқаптарын әртараптандыру аясында майлы дақылдардың форвардтық сатып алуын ұлғайтты. Бүгінгі күні шаруалармен 36 мың тонна күнбағыс, зығыр және рапс жеткізуге арналған келісімдер жасалды. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда екі еселенген — деп хабарлайды eldala.kz тілшісі.
Өткен жылғы тәжірибе
Пресс-службаның мәліметінше, өткен жылы Продкорпорация күнбағыс және күнбағыс майын форвардтық қаржыландыру арқылы сатып алудың пилоттық жобасын сәтті жүзеге асырды. Бұл жоба ауылшаруашылық өндірушілері мен қайта өңдеушілерді қолдауға бағытталған.
- Осының нәтижесінде 83,2 мың литр күнбағыс майы әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларына тұрақты бағамен жеткізілді.
2025 жылға арналған жоспарлар
2025 жылы Продкорпорация күнбағыс және басқа да жоғары рентабельді дақылдар өсіруге дайын шаруаларды қолдау шеңберін кеңейтті.
Келешекте егістік көлемі ұлғаймақ
Биылғы жылы майлы дақылдар 3,3 миллион гектар алқапқа егілді. Алдағы жылдары бұл көрсеткіштің 4 миллион гектарға дейін өсетіні болжанып отыр.
«Продкорпорация фермерлерді жаңа дақылдарға бағыттау үшін форвардтық қаржыландыру бағдарламалары мен астықтың экспорттық партияларын консолидациялауға көмектеседі. Бұл шаруаларға өнімдерін экспортқа шығарып, халықаралық серіктестермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда Қытайдың мемлекеттік компаниялары Қазақстандық шаруалардан майлы дақылдарды тікелей сатып алуды қарастыруда», - деп мәлімдеді Продкорпорация.