Алматыда пәтер ұрлығына күдікті ұсталды

Алматыда пәтер ұрлығына күдікті ұсталды

👁️ 7
Сурет: inalmaty.kz

Алматыдағы криминалдық полиция қызметкерлері аудандық бөлімшелермен бірлесіп, арнайы күштердің қолдауымен пәтер ұрлығына күдікті деп танылған ер адамды ұстады. Бұл туралы inalmaty.kz тілшісі хабарлайды.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті тұрғын үйге кіріп, иесінің мүлкін ұрлап кеткен. Қазіргі уақытта оның қаладағы басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сараптамалық және оперативтік іс-шаралар жалғасуда.