Алматыда автобус апатына қатысты жаңа деректер
Алматыда жолаушылар автобусы апатқа ұшырады.
👁️ 9

Сурет: inalmaty.kz
Жолаушылар автобусының апаты 20 маусымда таңғы 6:15-те мегаполистің Ауэзов ауданында орын алды. - деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.
Алматы қаласы полициясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, автобустың жүргізушісі Yutong маркалы автобусты Жандосов көшесімен шығыс бағытта жүргізіп келе жатып, Яссауи көшесіне солға бағыт аламыз деп бұрылу кезінде басқаруды жоғалтып, сол жердегі Chevrolet Cobalt автокөлігімен соқтығысқан.
Соқтығысқан автокөлік, Яссауи көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, жасыл жарықты күтіп тұрған.
Апаттан кейін автобус қозғалысын жалғастырып, ғимаратқа соқтығысқан.
Осы оқиғада ешкім жарақат алған жоқ, апаттың себептерін анықтау жұмыстары жүргізілуде.