Қазақстан фермерлеріне сыртқы нарыққа жол ашылды
Продкорпорация фермерлердің экспорттық өнімдерін ұйымдастырады.
Продкорпорация ағымдағы жылы «Экспорттық партияларды консолидалау» бағдарламасын іске қосты, нәтижесінде шағын және орта шаруашылықтарға өнімді экспорттауға көмектесуде - деп хабарлайды eldala.kz тілшісі.
Бағдарлама аясында Продкорпорация фермерлердің астықтарын сатып алмай, тауар партияларын консолидациялап, экспортты ақысыз негізде ұйымдастырады, сонымен қатар тасымалдауды толық қамтамасыз етеді. Валюта кірісі тікелей фермерлерге келеді.
«Бүгінгі күні, Продкорпорацияның қатысуымен Қазақстан фермерлерінің ауылшаруашылық өнімдерін жеткізу бойынша импорттаушылармен төрт экспорттық келісім-шарт жасалды, олардың жалпы сомасы 14,5 миллион долларды құрайды. Пилоттық келісім-шарттың оң тәжірибесін масштабтау жоспарымызда бар», - деп хабарлады Продкорпорация.
Фермерлерге жәрдем көрсетуден бөлек, бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде элеваторлардың босатылуы қамтамасыз етілуде.
Продкорпорацияның мәліметі бойынша, Қырғызстан, Қытай, Иран және Түркиядан импорттаушылардан бидай, зығыр, күнбағыс және 2-ші сортты арпа сатып алу жөнінде коммерциялық ұсыныстар келіп түскен. Сатып алушылар келесі сапа көрсеткіштерін талап етеді:
- Қырғызстан: бидай 3 және 4 сорттар: натура 750 г/л кем емес, ылғалдылық 14,5%-дан аспауы тиіс, сыртқы қоспа 2%-дан аспауы тиіс, дәндік қоспа 5%-дан аспауы тиіс, глутен 20-22-24-25%.
- Қытай Халық Республикасы: зығыр: ылғалдылық 9%-дан аспауы тиіс, сыртқы қоспа 3%-дан аспауы тиіс, майлылығы (майдың мөлшері) 40%-дан кем болмауы тиіс, линолен қышқылы 53%-дан кем болмауы тиіс, таза 97%-дан артық.
- Иран: 2-ші сортты арпа: натура 630 г/л кем емес, ылғалдылық 14,5%-дан аспауы тиіс, сыртқы қоспа 2%-дан аспауы тиіс, дәндік қоспа 7%-дан аспауы тиіс, протеин 11,5%-дан кем болмауы тиіс.
- Түркия: тамақтық тарелка чечевица: ылғалдылық 15%-дан аспауы тиіс, сыртқы қоспа 3%-дан аспауы тиіс, дәндік қоспа 2%-дан аспауы тиіс, зиянкестермен зақымдану орын алмасын.