Қытайда дән өндірісі рекордтық деңгейге жетеді
2024 жылы Қытай дән өндірісі 700 млн тоннаны құрайды.
👁️ 28
Сурет: eldala.kz
2024 жылы Қытайдағы дән өндірісі 700 млн тонна деңгейіне жетеді, бұл ел үшін рекордтық көрсеткіш болып табылады. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Ауыл шаруашылығы және ауыл өмірі министрлігі хабарлады, деп жазады eldala.kz тілшісі.
Қытайдағы дән өндірісі тоғыз жыл қатарынан 650 млн тоннадан жоғары деңгейде сақталып келеді, деп мәлімдеді министрліктің ресми өкілі баспасөз конференциясында.
- Жазғы дәнді жинау жұмыстары аяқталды, өңделген өнім көлемі 149,78 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,63 млн тоннаға көп.
- Тез пісетін күріш өнімдері тұрақты болып, шамамен 28,2 млн тоннаға жетті.
- Күзгі дәнді жинау жұмыстары жалғасуда, 24 қазан жағдайы бойынша 82,5% жинау жұмыстары орындалды.