Балалардың киберқауіпсіздігіне қатысты жаңа ережелер енгізілді
Қазақстанда балалардың киберқауіпсіздігіне көңіл бөлінуде
Әрбір ата-ана интернетті балаларға қауіпсіз пайдалануға арналған қолжетімді құралдарды міндетті түрде қолдануы тиіс, - деп мәлімдеді Білім және ғылым министрлігі. Аталған мәселені балалар құқықтарын қорғау комитеті ерекше алаңдаушылықпен көтерді, - деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.
Киберқауіпсіздік және ата-аналар жауапкершілігі
- Балалардың киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету - маңызды міндет.
- Ата-аналар онлайн-активтілік пен кіретін веб-сайттарға көңіл бөлулеріне міндетті.
Министрлік мәдениет және ақпарат министрлігі мен ішкі істер министрлігіне жазба жолдап, зиянды цифрлық ойындарды мониторингтеу және блоктау бойынша жедел шаралар қабылдауды сұраған. Сонымен қатар, 1 қыркүйектен бастап мектептерде «Жеке қауіпсіздік» сабағы енгізілді, онда балаларды интернетте қорғау тақырыптары да қамтылған.
Әлеуметтік желілердегі дабыл
«Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету - біздің басты міндетіміз. Ата-аналар балалардың интернетте қандай сайттарға кіретінін және онлайн-іс-әрекеттерін бақылауға ерекше назар аударуы қажет. Әрбір ата-ана қолжетімді ата-аналық бақылау құралдарын пайдалануы тиіс. Балалармен қарым-қатынас және олардың өміріне қатысу - оларға қауіпсіз орта жасау тәсілдерінің бірі. Өз кезегінде, жауапты мемлекеттік органдар осындай қауіптердің блокталуы үшін барлығын жасайды»,- деді комитет төрағасы Насымажан Оспанова.
16 қыркүйекте Алматыда екі мектеп оқушысы көп қабатты үйлердің терезесінен құлап кетті. Олардың қазасынан кейін әлеуметтік желілерде балаларды ауыр қадамға итермелейтін қауіпті ойындар туралы хабарламалар таралды.