Қазақстандағы азық-түлік инфляциясы шынымен төмендеді ме?
Қазақстандағы азық-түлік инфляциясына қатысты соңғы мәліметтер.
Қазақстанда азық-түлік инфляциясы соңғы жылдардағы күрделі көрсеткіштерден кейін ақырында бәсеңдеп келе жатыр. Қыркүйек айында жалпы инфляция деңгейі айына 0,4% және жылына 8,3% құрады, ал азық-түлік тауарлары бойынша бағалар айына мүлдем өзгермей, жылына 5,1% көтерілді - деп хабарлайды ranking.kz.
Бағалардың өзгерістері
Салыстырмалы түрде, қызмет көрсету бағалары айына 1% өсіп, жылына 13,6% көтерілді, ал азық-түлік емес тауарлар 0,6% айына және жылына 7,6% өсті.
Аймақтық динамика
Аймақтық тұрғыда, азық-түлік тауарлары 20 облыстың 9-ында айына қымбаттады. Бағалардың өсуі 0,1% -дан 0,6% -ға дейін болды. Ең үлкен қымбаттау Маңғыстау облысында тіркелді, ал ең төменгі өсім Абай мен Ақтөбе облыстарында байқалды.
Жетісу және Ұлытау облыстарында бағалар өткен аймен салыстырғанда өзгеріссіз қалды, ал қалған 9 облыста азық-түлік бағаларының төмендеуі (0,1% -дан 0,8% -ға дейін) байқалды.
Жылдық динамика
Жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік тауарлары Алматыда (7,7%), Жетісу (7,4%) және Маңғыстау (7,3%) облыстарында ең көп қымбаттаған. Ал, Астана (2,1%), Түркістан (2,7%) және Ұлытау (3,5%) облыстарында бағалардың ең төменгі өсуі байқалды.