Алматыда 11-17 қараша аралығында ауа райы болжамы
Алматыда алдағы аптада ауа райы әртүрлі өзгерістерге ұшырайды.
👁️ 16
Сурет: inalmaty.kz
Синоптиктер OpenWeather 11-17 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Алматыда 11 қарашада ауа бұлтты, жаңбырсыз болады - деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.
Ауа райы болжамы
- 11 қараша: күндіз ауа температурасы +10 градусқа дейін, түнде -2 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 2,6 м/с.
- 12 қараша: ауа райы бұлтты, максималды температура +8 градус, минималды температура +4 градус. Желдің жылдамдығы – 2,8 м/с.
- 13 қараша: жаңбыр мен қар күтілуде. Күндіз температура +6 градус, түнде +3 градус. Желдің жылдамдығы – 2,5 м/с.
- 14 қараша: қар жауады. Күндіз ауа температурасы +4 градус, кешке – +1 градус. Желдің жылдамдығы – 3,2 м/с.
- 15 қараша: жаңбыр болмайды. Күндіз температура +5 градус, түнде +1 градус. Желдің жылдамдығы – 1,7 м/с.
- 16 қараша: аз мөлшерде жаңбыр күтіледі. Күндіз температура +7 градус, түнде +2 градус. Желдің жылдамдығы – 1,5 м/с.
- 17 қараша: жаңбыр болмайды. Күндіз ауа температурасы +10 градус, түнде +5 градус. Желдің жылдамдығы – 2,3 м/с.