Қай елдерде интернетке қол жетімсіздік ең жоғары?
Әлемде интернетке қол жеткізе алмайтын халық саны 2,7 миллиардқа жетті.
Глобалдық статистикалық есеп бойынша, қазіргі таңда интернетке қол жетімсіз әлем тұрғындарының үлесі 32,5%-ды құрайды. Бұл көрсеткіш 2,7 миллиард адамды қамтиды, ал өткен жылы интернетке қолжетімсіз болып қалғандар 33%-ды құраған - деп хабарлайды ranking.kz.
Интернетке қол жетімсіздік бойынша жетекші өңірлер
Абсолюттік мәндерде, интернетке қолы жетпейтін халықтың ең көп саны Оңтүстік Азияда, яғни 956,3 миллион адам болып отыр. Одан кейін Шығыс Африка (369 миллион) және Шығыс Азия (360,7 миллион) елдері келеді.
Негізгі статистика
- Шығыс Африка: интернетке қол жетімсіздік 73,2%
- Орталық Африка: 68,2%
- Батыс Африка: 57,4%
- Солтүстік Африка: 27,6%
- Оңтүстік Африка: 23,3%
Солтүстік Еуропа мен Солтүстік Америка, керісінше, интернетке ең жоғары деңгейде кіретін аймақтар. Бұл өңірлерде интернетке қол жетімсіз адамдардың үлесі бар болғаны 2,5% және 3,1% құрайды.
Орталық Азия және Қазақстанның статистикасы
Орталық Азияда интернетке қол жетімділік деңгейі 22,5% болып, бұл шамамен 18,6 миллион адамды құрайды. Қазақстанда интернетке қол жетімсіздік деңгейі 7,7% -ды құрайды, бұл 1,5 миллионға жуық адамға тең.
Сонымен қатар, 2023 жылдың соңында Құжаттама және статистика бюросының деректері бойынша, Қазақстандағы мобильді интернетті пайдаланушы үй шаруашылықтарының үлесі 94,8%-ға дейін өсті, бұл 2022-мен салыстырғанда 5,1%-ға артық.
Фиксацияланған интернет қолданушыларының саны да ұлғайып, 50,1%-дан 51,6%-ға дейін көтерілді.