Астық бағаларына әсер ететін 10 млрд теңге бөлінеді

Қазақстанда астық бағасын тұрақтандыру үшін 10 млрд теңге бөлінеді.

👁️ 11
Сурет: eldala.kz

Жұма күні ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған жиында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік корпорацияның ресурстарынан астықты тікелей сатып алу арқылы нарықтағы бағаларды қолдауды тапсырды. Бұл мақсаттарға арналған 10 млрд теңгенің бөлінетінін дүйсенбі күні Мәжілісте ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді - деп хабарлайды eldala.kz тілшісі.

«Мемлекеттік қордан осы мақсаттарға 10 млрд теңге бөлінеді, ал бұл қаражаттың есебінен алғашқы 150 мың тонна сатып алу жоспарлануда», - деді Айдарбек Сапаров.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанда 3-ші сортты бидайдың бағасы нарықта 60-65 мың теңгені құрайды.