Астанада 100 тоннадан астам ет сатылды
Астанада «Соғым Fest» жәрмеңкесі өтті.
👁️ 6
Сурет: eldala.kz
Астанада өткен «Соғым Fest» жәрмеңкесінде қала тұрғындары екі күнде 100 тоннадан астам ет сатып алды - деп хабарлайды eldala.kz тілшісі.
Жәрмеңкеге өнімдер Ақмола, Абай және Павлодар облыстарының фермерлерінен жеткізілді. Қала тұрғындары ет пен басқа да өнімдерді делдалсыз сатып алу мүмкіндігіне ие болды.
- 1 килограмм сиыр еті - 2300 теңге;
- Қой еті мен жылқы еті - 2300-2500 теңге аралығында.
«Соғым Fest» жәрмеңкесін Астанада әр сенбі мен жексенбіде «Коктал» сауда үйінде өткізу жоспарлануда. Жалпы Қазақстан бойынша желтоқсан айында 400-ден астам жәрмеңке ұйымдастыру көзделуде.
«Мұндай жәрмеңкелер азық-түлік бағасының өсуін тежеудің маңызды құралы болып табылады, әсіресе мерекелер алдында. Бұл сондай-ақ біздің мәдениетіміздің бір бөлігі болып табылатын дәстүрлі сауда формаларын сақтауға көмектеседі», — деп атап өтті Сауда комитетінің төрағасы Айдар Абилдабеков.