Алматыда тұрғын үй кешеніндегі жоспардан тыс тексеру жүргізілуде

Алматыда тұрғын үй кешеніндегі құрылысқа жоспардан тыс тексеру жүргізілуде.

👁️ 27
Сурет: inalmaty.kz

Жамакаева көшесіндегі салынып жатқан тұрғын үй кешеніне жоспардан тыс тексеру жүргізілуде. - деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.

Алматы қалалық құрылыс бақылау басқармасының мәліметіне сәйкес, тұрғын үй кешенін визуалды тексеру барысында тапсырыс беруші «Benta» ЖШС тарапынан құрылыс нысанының қабат санына байланысты бұзушылықтар анықталған. Эскиздік жобада нысанның қабат саны 3 қабат + техникалық қабат деп көрсетілген.

Бұзушылықтарды жою шаралары

Тұрғын үй кешеніндегі құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтатылады. Тексеру нәтижесінде бұзушылықтар расталған жағдайда, әкімшілік шаралар қабылданып, бұзушылықтарды жою туралы бұйрық беріледі, нысанды рұқсат құжаттарына сәйкестендіру жұмыстары жүргізіледі.

Сот ісі мүмкін

Мемлекеттік орган бұйрықтың талаптарын орындамау сот талқылауларына әкелуі мүмкін екенін ескертті. Сотқа жүгіну талаптарды мәжбүрлі түрде орындау немесе нысанды бөлшектеу мақсатында болуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы Алматы қалалық мәслихатының шешімі бойынша әкімдіктің ұсынысымен құрылыс ережелеріне өзгерістер енгізілген болатын. Атап айтқанда, аль-Фараби даңғылынан жоғары орналасқан ғимараттардың құрылысына шектеулер қойылған: барлық құрылыс түрлері үшін үш қабаттан (жертөлені қосқанда) жоғары болмай, максимал биіктігі 12 метрден аспауы тиіс.