Алматы облысында балық өңдеу жобасы басталады
Алматы облысында тай компаниясы балық өнімдерін өңдейтін болады.
2025 жылы Алматы облысында балық өнімдерін қайта өңдеу жобасы басталады. Инвестор ретінде тайландтық Sea Value Plc. компаниясы анықталды - деп хабарлайды eldala.kz тілшісі.
Жобаның мақсаттары мен мүмкіндіктері
Министрліктің мәліметі бойынша, жобада балық өңдеуге қажетті шикізат Қазақстан мен Ресейдің балық шаруашылықтарынан жеткізілетін болады. Өндірістің қуаты тәулігіне 3-5 тонна балық өнімдерін шығара алатын деңгейде болады.
Экспорт және өнім түрлері
Дайын өнімдер Тайландқа және басқа да елдерге экспортталады. Алдағы уақытта компания Қазақстан аумағында өндірілетін өнімдердің қатарына үй жануарларына арналған тағам, тауық ақуызы, тоңазытылған тауық пен балық жартылай фабрикаттары, фисташка және бадам сүті сияқты өнімдерді енгізуді жоспарлап отыр.
Логистикалық хабтың құрылуы
Сонымен қатар, компания қазақстандық дистрибьютормен серіктесіп, Алматы облысында өңірлік логистикалық хаб құру жұмыстарын жүргізуде. Хаб өнімдерді импорттау, сақтау және ЕАЭО мен Орталық Азия нарықтарына тарату мақсатында іске асырылмақ.
Sea Value Plc. Тайландта консервіленген тунец өндірісінде екінші орында келеді және өзінің өнімдерін әлемнің 150 еліне экспорттайды.