Қазақстанда Жаңа жыл мерекесінде пиротехниканың әсерінен 63 адам зардап шекті
Жаңа жыл мерекесінде пиротехниканың салдарынан 63 адам зардап шекті.
👁️ 18
Сурет: inalmaty.kz
Жаңа жыл мерекесінде Қазақстанда пиротехниканы қолданудың салдарынан 63 адам зардап шекті. Оның ішінде 20-сы — балалар, деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.
Министрліктің хабарлауынша, 12 адам ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендердің облыстар бойынша бөлінуі келесідей:
- Алматы — 19 адам;
- Жамбыл облысы — 11 адам;
- Қарағанды, Маңғыстау, Қостанай облыстары мен Шымкент — 6 адам;
- Ақтөбе облысы — 2 адам;
- Ақмола, Қызылорда, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы және Абай облыстары — 1 адамнан.
Зардап шеккендердің барлығына көз жарақаттары, көз роговицасының күйіктері, қолдың күйіктері мен жарақаттары диагнозы қойылды. Бір науқастың іш қабырғасының жарақаты бар, оның жағдайы орташа ауырлықта», — делінген ведомствода.