QazTrade-дің жаңа басшысы Айтмухамед Алдажаров тағайындалды
Айтмухамед Алдажаров QazTrade-ді 2025 жылдан бастап басқарады.
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап QazTrade сауда саясатын дамыту орталығының жаңа басшысы болып Айтмухамед Алдажаров тағайындалды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады - деп жазды eldala.kz тілшісі.
Айтмухамед Алдажаров 1972 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Ол Қазақ мемлекеттік басқару академиясы және Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған.
Алдажаров бірнеше квазимемлекеттік сектордағы компанияларда басқарушы лауазымдарда қызмет атқарды және QazTrade директорлар кеңесінің мүшесі болған. Тағайындалғанға дейін QazExportPromotion корпоративтік қорының басшысы болды.
Еске салсақ, бұған дейін QazTrade-ді ауыл шаруашылығы экс-вице-министрі Жеңіс Өсербай басқарған болатын.