Алматыда есірткі прекурсорларын сатумен айналысқан топ ұсталды

Алматы полицейлері синтетикалық есірткілердің прекурсорларын өткізумен айналысқан топты қолға түсірді.

👁️ 9
Сурет: inalmaty.kz

Полицейлер Алматыда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің көмегімен және прокуратураның координациясымен арнайы операция өткізді. Нәтижесінде, Алматы мен облыстың бірнеше ауданында есірткі прекурсорларын сату әрекетімен айналысқан қылмыстық топтың тоғыз мүшесі ұсталды - деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.

  • Операция барысында ұсталғандардың тұратын жерінен көлемді канистрлер, есірткі жасауға арналған зертханалық жабдық, ұнтақ тәрізді заттар мен қаруға ұқсас заттар алынды.
  • Полицейлер есірткі тобымен байланысы бар үш орын анықтап, онда 3,2 тонна прекурсор тәркіленді, оның құны 422 миллион теңгеден асады.
  • Сонымен қатар, алматылық топты «қолдау» арқылы Қарағандыда нарколаборатория ашқан басқа қатысушылар да ұсталып, қамауға алынды.
  • Бұған дейін Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері сотталды. Бұл банда синтетикалық есірткілерді өндіру үшін прекурсорларды елге жеткізуді ұйымдастырған.
«Тінту барысында ұсталушылардың тұрғылықты жерінен көлемді канистрлер, есірткі құралдарын жасауға арналған зертханалық жабдық, ұнтақ тәрізді заттар және қаруға ұқсас заттар алынды».
— Алматы полициясының баспасөз қызметі.