Қарағандылық қылмыскер Бакуда қолға түсті
Қазақстаннан іздестірілген азамат Азербайжаннан ұсталды.
👁️ 7
Сурет: inalmaty.kz
Қазақстанның іздеуде жүрген азаматын Азербайжаннан ұстады. Мұндай ақпаратты Polisia.kz хабарлайды.
Интерполдың сұрауымен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Бакудың халықаралық әуежайында 25 жастағы Қазақстан азаматын ұстады. Ол қылмыс жасап, өлімге себепкер болғаны үшін халықаралық іздеуде болған.
«Іздестірілуші, жәбірленушіден ақша ұрлап, оған дене жарақатын келтірген, соның нәтижесінде ол қайтыс болды. Содан кейін қылмыскер мәйітті Алматы облысының Іле ауданында қалдырған. Қылмыс жасағаннан кейін ол елден кетіп қалған»,- деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.
Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды.