Германиядан ауыл шаруашылығы өнімдерін әкелуге тыйым салынды
Қазақстан Германиядан мал мен ауыл шаруашылығы өнімдерін әкелуге тыйым салды.
Германияның Бранденбург аймағында ящур ауруының белең алуына байланысты Қазақстан 14 қаңтардан бастап Германиядан мал мен ауыл шаруашылығы өнімдерін, соның ішінде қолданылған жабдықтарды елімізге әкелуге тыйым салды - деп хабарлайды eldala.kz тілшісі.
Бұл уақытша шектеулер Қазақстанның Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетімен енгізілген. Шектеулер Германиядан келетін төмендегі өнімдерге қолданылады:
- Ящырға сезімтал тірі жануарлар;
- Генетикалық материал (8.8.17 Кодекс ВОЗЖ бабына сәйкес in vivo алынғандарды қоспағанда);
- Вирусты жоюды қамтамасыз етпейтін термиялық өңдеуден өтпеген ет және ет өнімдері;
- Вирусты жоюды қамтамасыз етпейтін термиялық өңдеуден өтпеген сүт және сүт өнімдері;
- Вирусты жоюды қамтамасыз етпейтін технологиямен өңделмеген жүн, шаш, шоқ, ішек шикізаты, тері мен былғары;
- Жануарларды асырау, сою және өңдеу үшін қолданылатын жабдық;
- Вирусты жоюды қамтамасыз етпейтін термиялық өңдеуге жатпайтын химиялық және микробиологиялық шығу тегі бар жануарларға арналған жем мен жемдік қоспалар.
Сонымен қатар, Германиядан Қазақстан аумағы арқылы ящырға сезімтал жануарлардың транзитіне де тыйым салынды.
Айта кету керек, Германияда ящур ауруы 1988 жылдан бері алғаш рет пайда болып отыр. Бұл жағдай көптеген елдердің Германиядан мал мен ет жеткізуді шектеп, вирус таралуының алдын алу үшін шаралар қабылдауына себеп болды.