Алматыда жаңа зауыт ашылды: 6000 тонна жемдік қоспа мен тыңайтқыш өндірілмек
Алматыда жемдік қоспалар мен тыңайтқыштарды өндірісіне арналған жаңа зауыт іске қосылды.

Биокорпорация Black Biotechnology жемдік қоспалар мен тыңайтқыштарды Al Karal брендімен өндіру зауытын іске қосты. Зауыттың қуаттылығы жылына 6000 тоннаны құрайды, - деп хабарлайды eldala.kz тілшісі.
- Зауыт 3 мың шаршы метр аумаққа орналасқан және Алматы индустриалдық аймағында бір жылдың ішінде салынған.
- Оның ай сайынғы өнім шығару қуаттылығы 500 тоннаны құрайды.
- Қазіргі уақытта зауытта заманауи жабдықтар орнатылуда.
- Экспорт географиясын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, компания 2020 жылдан бері мал мен құсқа жемдік қоспалар, өсімдіктерге органоминералды тыңайтқыштар, және үй жануарларына биологиялық құрамдағы қоспалар өндіреді. Бастапқыда өнім Алматыдағы 90 тонна қуаттылықтағы шағын кәсіпорында шығарылды. Дегенмен, халықаралық нарықтарға шығу жоспарына байланысты өндірісті кеңейту туралы шешім қабылданды.
«40% өніміміз Al Karal брендімен жақын және алыс шет мемлекеттерге экспортталады. 2024 жылы Вьетнаммен екі, Қытаймен үш меморандумға қол қойылды, сонымен қатар Аргентина мен Бразилиямен келісімдер жасалды. Біз Қатар мен БАӘ-мен келіссөздер жүргізудеміз», - деп мәлімдеді компанияның негізін қалаушы Асем Кенжебек.
Министрліктің мәліметтері бойынша, компания командасында білікті биологтар, органикалық химиктер, ветеринария және агрономия саласындағы мамандар бар, бұл өнімнің жоғары сапасы мен инновациясын қамтамасыз етеді. Жемдік қоспалар мен тыңайтқыштарды өндіру үшін көптеген зерттеулер мен сараптамалар жүргізілуде. Барлық өнім компанияның ғалымдары мен инженерлері әзірлеген уникалды жабдықтарды қолдана отырып шығарылады.