Карасай ауданында жол-көлік оқиғасынан жаяу адам қаза тапты

Карасай ауданында орын алған жол-көлік оқиғасында адам қаза болды.

👁️ 25
Сурет: inalmaty.kz

Карасай ауданында жаяу жүргінші жол апатынан қайтыс болды. Оқиға туралы ақпаратты inalmaty.kz тілшісі хабарлайды.

20 қаңтар күні Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі Алматы-Бішкек автожолының 38-ші шақырымында жаяу жүргіншіні жаяу жүргіншілер өткелінде басып кеткен. Жарақаттанған ер адам оқиға орнында қаза тапқан.

Оқиға фактісі бойынша тергеу жүргізілуде.