Қырғызстанда мал экспортын шектеу енгізілді
Қазақстан мен Қырғызстан арасында мал экспортына енгізілген шектеулер.
Қырғызстанның ветеринарлық қызметі 31 қаңтарда ауыл шаруашылығы жануарларын экспорттауға рұқсат беру жұмыстарын тоқтатты. Тыйым сиыр, қой және аттардың экспортын қамтиды - деп хабарлайды eldala.kz тілшісі.
Рұқсаттарды тоқтату себебі
Қырғызстанның Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 31 қаңтарға дейін берілген рұқсаттар тексеру аяқталғаннан кейін және нормативтік базаға өзгерістер енгізілгеннен соң уақытша тоқтатылады. Экспортқа рұқсат беру жұмыстарын қайта бастау туралы ақпарат министрлік арқылы кейінірек хабарланады.
Қазақстандағы шектеулер
Атап өтетін жайт, Қазақстанда бұзаулар мен қозыларды экспорттауға квоталар енгізілген. Мәселен, 2024 жылдың 26 қазанынан бастап бұзауларды экспорттауға 85 мың бас рұқсат етіледі. Қаңтар айының соңындағы жағдай бойынша, 70,4 мың квота пайдаланылған. Ана малын экспорттауға толық тыйым салынған.